Астананың нақты аймақтық өнімі 2007 жылы 1,3 трлн теңгеден асты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың нақты аймақтық өнімі 2007 жылы 1,3 трлн теңгеден асты

Астананың нақты аймақтық өнімі 2007 жылы 1,3 трлн теңгеден асты

Астана. 26 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Астананың нақты аймақтық өнімі 2007 жылы 1,3 трлн теңгеден асты. Бұл туралы бүгін Астана қалалық әкімшілігінде өткен кеңесте президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Наурыз 2008
  • 456
Фото - Caravan.kz

«Астана мерейтойға лайықты көрсеткіштермен келді: алдын-ала мәліметке сәйкес, өткен жылы Астананың нақты аймақтық өнімі 1,3 трлн теңгеден асты, бұл 2006 жылғыдан 36% артық», -деді мемлекет басшысы.

«Егер біз құрылысқа жұмсаған қаражат пен осы қала өндіретін өнімге салыстыра қарайтын болсақ, ол шығыннан бірнеше есе артық», — деді ол.

Мемлекет басшысының мәліметінше, 2007 жылы қаладағы өнеркәсіп өндірісі 22%-ға, негізгі капитал 13%-ға өсті. «Бұл аса қуатты көрсеткіштер, мұндай көрсеткіш елімізде де, дүниежүзінде де жоқ шығар», — деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге, қалада жаңа жоғарытехнологиялық кешен де белсенді қалыптасуда: медициналық, білім беру, транспорттық-логистикалық, биотехнологиялық орталықтар, бұлар «еліміз бен қала экономикасының жоғарыинтеллектуалдық іргетасын құруда», — деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті