Ақтөбе облысында егіндік алқаптары ұлғайтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында егіндік алқаптары ұлғайтылады

Ақтөбе облысында егіндік алқаптары ұлғайтылады

Ақтөбе. 26 наурыз. "Қазақстан Бүгін"-Биылғы жылы Ақтөбе облысында 700,5 мың гектар жерге дәнді дақылдар себіледі. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық ауыл шаруашылық департаментінде хабарлады.

  • 26 Наурыз 2008
  • 714
Фото - Caravan.kz

Осы ведомствоның диқаншылық бөлімінің бастығы Жылтұма Рахметов айтқанындай, былтырғы жылмен салыстырғанда биыл бидай, арпа, тары егіндік жерлері 38,9 мың гектарға ұлғаяды.

Шенеуніктің берген мәліметтері бойынша, бірінші рет ауыл шаруашылық саласында негізгі өнімдерді өндіру үшін үкімет тарапынан берілген субсидиялардың арқасында картоп пен көкөніс алқаптары екі есеге дейін ұлғайтылатын болды.

Тұрақты бағамен өзінің нарығын өніммен толық қамтамасыз ету үшін, Ақтөбе облысында арнайы ауыл шаруашылық құрылымдары арқылы картоп алқаптары 1195 гектарға дейін ұлғайтылады, ал көкөністер 640 гектар жерге артық салынады. Сонымен бірге майлы дақылдар үшін жер көлемі 3 мың гектарға көбейтіліп, жалпы 18 мың гектарды құрайды.

«Бүгінгі күні көктемдік егіндік жұмыстарды жүргізу үшін қажетті қаржы көлемі анықталып жатыр. Мәселен, ол 560 млн теңгені құрауы мүмкін, алайда оның мөлшері ұлғайтылуы да ықтимал «, — деп атап өтті Ж. Рахметов.

Шенеунік атап өткеніндей, ауыл шаруашылық техниканың оның ішінде тракторлардың дала жұмыстарын жүргізу дайындығының деңгейі 90 пайызды құрайды, ал жерді өңдеу және себу техникасының даярлығы 92 пайызды құрап отыр.

«Қазір «ҚазАгроФинанс»АҚ арқылы лизинг шартымен ауыл шаруашылық техниканы сатып алу жөнінде арыздар жиналды. Компания тарапынан 634,4 млн теңгеге егіндік жұмыстарды жасайтын 15 техниканы лизингке беріп жеткізілетіні жөнінде растау құжаты келіп түсті», — деп хабарлады Ж. Рахметов.

Оның сөздері бойынша, ақтөбенің ауыл шаруашылықтары егінді себу науқаны кезінде арзан жанар-жағар маймен қамтамасыз етіліп, соның ішінде дизель майы да болады. «Оларды»СпецПромСнаб-ПК» ЖШС жеткізіп отыратын болады, — деп атап өтті бөлім бастығы.Оның мәліметтері бойынша, «облыс бойынша 10 мың тонна жанар- жағар май сұранысы бар болса, қазірдің өзінде 45 пайыз бензин, 52 пайыз дизель отыны, 40 пайыз дизель майы мен 30 пайыз автол жеткізілді».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті