«Мен Астанадағы осы кәсіпкерлікті дамыту орталығының АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі — USAID -тің техникалық қолдауымен келешекке арнап бизнес-көшбасшыларды дайындау тренингтерін одан әрі жалғастыра беретініне қуаныштымын. Жергілікті ұйымдар осы жобаны жүзеге асыруда айрықша қабілетін паш етті және USAID өзінің Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті дамыту жобасы арқылы орталыққа табысқа жетуге және тұрақты жұмыс істеуге қолғабысын тигізеді», -деді Дж. Ордвэй.
Астанадағы кәсіпкерлікті дамыту орталығын USAID агенттігі 2005 жылдың қыркүйек айында Exxon Mobil қорының қолдауымен құрған. Орталықты қаржыландыруға USAID — $300 мың, Exxon Mobil — $921 мың бөлді.
Орталықтың мәліметінше, жоба қолға алынғаннан бері 4 500 кәсіпкер, оның 75% әйел табысты бизнес-тренингтен өтті. Бұған қоса шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін 130 компанияға, соның ішінде меншік иесі немесе жетекшісі әйел болып табылатын 51 кәсіпорынға бизнес-консалтинг қызметі көрсетілді.
«Бұл жоба Exxon Mobil қорының әйелдер мен қыздарды оқыту жөніндегі бастамасының аясында қаржыландырылуда», — деді Exxon Mobil Қазақстан Инк корпорациясының бас менеджері Стив Роуз. Оның айтуынша, «білім беру мен әйелдердің мүмкіндігін арттыруға бағытталған инвестициялар қоғамның барлық мүшелері үшін елеулі әрі ұзақ мерзімді пайда әкеліп, әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болуда».
Орталық өз жұмысын бастағаннан бері оның іс-қызметін USAID басқаруда. Оқытудағы жергілікті әріптес ролін Халықаралық «Тұран-профи» кәсіби академиясы мен Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту федерациясы атқарды.
Осы жұмыстың нәтижесі бойынша 2007 жылдың аяғында Exxon Mobil қоры Астанадағы кәсіпкерлікті дамыту орталығының жобасын жалғастыруға аталған екі ұйымға демеушілік көмек беруге шешім қабылдады. USAID шағын кәсіпкерлікті дамыту жобасын жүзеге асыруға техникалық көмек көрсетуді одан әрі жалғастырады. 2008 жылы 2 мыңнан астам кәсіпкерді оқытып шығару жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті