Ауғанстан, Иран және Тәжікстан елдері Ауғанстаннан Қытайға дейін темір жол салмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстан, Иран және Тәжікстан елдері Ауғанстаннан Қытайға дейін темір жол салмақ

Ауғанстан, Иран және Тәжікстан елдері Ауғанстаннан Қытайға дейін темір жол салмақ

Алматы. 26 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ауғанстан, Иран және Тәжікстан Ауғанстаннан Қытайға дейін темір жол салады. Осы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кездесу қорытындысы бойынша 25 наурыз күні Душанбе қаласында қол қойылған коммюникеде осылай делінген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Орта Азиялық "CA-News" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 26 Наурыз 2008
  • 881
Фото - Caravan.kz

«CA-News» ақпаратына сүйенсек, қабылданған коммюникеде Ауғанстан, Иран және Тәжікстан елдері лаңкестікпен, экстремизммен және есірткінің заңсыз айналымымен бірлескен күресті жалғастыра беруге дайын екендіктерін білдірді.

Ынтымақтастық жоспарында Ауғанстаннан Тәжікстан мен Қырғызстан арқылы Қытайға дейін темір жол салу, Қытайдан бастап Иранның Бендер-Аббас кемежайына дейін автомобиль жолын салу, сондай-ақ, Душанбеден Ауғанстанға дейін қуаты 500 киловатт болатын электр желісін тарту межеленген.

Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифи үстіміздегі жылы Тәжікстаннан Ауғанстан арқылы Иранға (Душанбе — Төменгі Пяндж — Герат — Мешхед) баратын және Ауғанстаннан Орта Азия арқылы Қытайға (Кабул — Құндыз — Төменгі Пяндж — Оксарай — Қашғар) сапар шегетін темір жол құрылысы басталатынын хабарлады. Оның айтуынша бұл дәліздер өңір елдерін Ресеймен және Қытаймен экономикалық интеграциялануға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті