Өрт салдарынан Астанада бір, Ақтауда екі адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өрт салдарынан Астанада бір, Ақтауда екі адам қаза тапты

Өрт салдарынан Астанада бір, Ақтауда екі адам қаза тапты

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Өрт салдарынан Астанада бір, Ақтауда екі адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 27 Наурыз 2008
  • 562
Фото - Caravan.kz

«Астанада «Павлодартранстехмонтаж» ЖШС-нің құрылыс вагонында 26 наурызда 9 сағат 53 минутта 30 шаршы метр аумақта өрт шықты, оны сөндірген кезде күзетшінің мәйіті табылды. Өртті 10 сағат 56 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен 1 техникасының күшімен сөндірді», -деп хабарлайды ТЖМ.

Сонымен бірге, Ақтауда 27 наурызда 1 сағат 11 минутта жеке меншік автотұрақтың вагончигінде 4 шаршы метр аумақта өрт шықты. Өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды. Өртті 2 сағат 14 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасының күшімен сөндірді», -деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті