Қазақстан парламенті ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі келісімге түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі келісімге түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы бекітті

Қазақстан парламенті ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі келісімге түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы бекітті

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі 2000 жылдың 10 қазанындағы келісімге түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 27 Наурыз 2008
  • 348
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, хаттамада ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі келісімге екі нақтылау енгізу қарастырылған.

Атап айтсақ, хаттама «Кедендік одақтың жоғарғы органы» ретінде Мемлекетаралдық кеңестің құзыретін заңдастырады.

Бұған қоса хаттама Қоғамдастық сотына ЕурАзЭҚ аясында туындаған дау-дамайларды реттеу органының функцияларын береді.

Хаттамаға 2007 жылдың 6 қазанында Душанбеде қол қойылды.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті