Қазақстан парламенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің біртұтас жүйесін құру туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің біртұтас жүйесін құру туралы келісімді бекітті

Қазақстан парламенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің біртұтас жүйесін құру туралы келісімді бекітті

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің біртұтас жүйесін құру туралы келісім мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің біртұтас жүйесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту жөніндегі" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 27 Наурыз 2008
  • 576
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісім қатысушы елдердің темір жолдарын жүк тасымалын жүзеге асыру мен үздіксіз әрі тұрақты жұмыс істеуге жан-жақты дайындауды қамтамасыз етудің тәжірибелік шараларын қабылдау үшін жасалған.

Келісімде қатысушы елдердің Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің темір жол желілеріндені басты бағыттарды техникалық бүркемелеудің біртұтас жүйесін құүруды қарастырады. Келісімге сәйкес техникалық бүркемелеудің біртұтас жоспарын жасап келісетін мемлекетаралық жұмыс тобын құру көзделген.

«Келісімнің 3 бабына сәйкес, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер техникалық бүркемелеу шараларын жүзеге асыру мен жоспарлауды үйлестіру және темір жолдарды қалпына келтіру, осы келісмімді жүзеге асыру мен ұйымның ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің темір жол әскерлері мен тараптардың арнаулы құрылымдарын пайдалану жөніндегі шешімдерді жүзеге асыру РФ Федералдық темір жол әскері қызметіне «, — делінген қорытындыда.

Келісімге 2003 жылдың 23 сәуірінде Душанбеде қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті