«Біздің шамалауымызша, егер де жер қойнауын пайдаланушылар зауыттарды толығымен қамтамасыз етуге және мұнай өнімдеріне деген ішкі бағаны қолайлы деңгейде сақтап тұруға мүмкіндік беретін жолды ұсынар болса, экспорттық кедендік баж енгізілмеуі қажет. Себебі, біздің түсінуімізше, экспорттық кедендік баждың басты мақсаты фискалды емес, реттеуші», — деді А. Хорунжий.
«Егер жер қойнауын пайдаланушылар осы екі мәселені мемлекетпен бірлесе отырып шешер болса, бажды енгізудің қажеті шамалы», — деп есептейді ол.
Сонымен қатар, «КМГ-Консалтинг» ЖШС өкілі Ресейде жұмыс істеп жатқан жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық талаптарына тура көшуді қате санайды. «Ресейде бұгінгі күні мұнай саласының стагнацияға ұшырағаны байқалып тұр. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, «Роснефть» компаниясы салық жеңілдіктеріне қатысты үкіметке сауал жолдаған. Өйткені олар Қиыр Шығыстағы қайраңдарды қаржыландыруға шамасы жетпей отыр. Міне, осы ақпаратты айтпағанның өзінде, Ресейде мұнай алу көлемі де, ағымдық өндіріске инвестициялау да азайып жатыр», — деп түсіндірді А. Хорунжий.
«Біз мұндай дәрезжеге дейін жетпеуіміз үшін әдістеме толығымен теңдестірілген болуы шарт. Біздің пайымдауымызша, бүгінгі таңда Экономика және бюджетті жоспарлау, Қаржы, сондай-ақ Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері жасап жатқан есептеулер саланың дамуына ықпал ететін және мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылардың мүддесі қорғалатын аралық деңгейді табуға мүмкіндік береді», — деп атап көрсетті ол.
Осыған байланысты «КМГ-Консалтинг» өкілі, KazЕnergy қауымдастығына мүшелердің пайымдауынша, жаңа Салық кодексін жасаушылар декларациялаған экономиканың шикізат саласына салық ауыртпалығын арттыру тұрақтылықтың кейбір жағдайларының іс-әрекетін тоқтатудан шұғыл бас тартумен қатар болмауы керек екендігін түсіндірді. Себебі, бұл республиканың беделіне айтарлықтай нұқсан келтіреді. Ол сонымен қоймай, мемлекетті соттық және арбитраждық дау-дамайларға тартып әкетуі мүмкін.
А. Хорунжий сонымен бірге жаңа Салық кодексінің жұмысы барысында айтылған салық мөлшерлемесін төмендету процедурасы ақылға қонымды екенін ескертті. «Біз бұл кәсіпкерліктің дамуына серпін береді деп есептейміз. Және осының аясында салық жеңілдіктерінің санының азайтылуы толығымен түсінікті және тиімді».
Сонымен қатар, «КМГ-Консалтинг» өкілі ұжымдық табыс салығына қатысты қазіргі күні әрекет етіп отырған арнайы салық режимін қолдануды толық қарастыруды маңызды деп санайды. «Шағын бизнес соңғы жылдары оған үкімет ұсынған жеңілдік жағдайында жұмыс істеуге дағдыланды. Біз оларды ортақ мөлшерлемеге көшіре отырып, шағын бизнеске артылар салық ауыртпалығын ұлғайтатын боламыз», — деп түсіндірді ол.
Сонымен бірге, «КМГ-Консалтинг» өкілі бүгінгі күні әрекет етіп отырған әрбір салық жеңілдігін объективті тұрғыдан қарастыруды қажет санайды. «Осы жеңіліктердің бір бөлігі әлеуметтік маңызға ие. Тиісінше барлық жеңілдіктер бірдей жойылмай, тек көпшілігі ғана жойылуы керек», — деп сөзін қорытты А. Хорунжий.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті