Қаржылық бақылау агенттігі банк секторының қаржылық тұрақтылығын мониторингтан өткізу жүйесін жасап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржылық бақылау агенттігі банк секторының қаржылық тұрақтылығын мониторингтан өткізу жүйесін жасап жатыр

Қаржылық бақылау агенттігі банк секторының қаржылық тұрақтылығын мониторингтан өткізу жүйесін жасап жатыр

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды бақылау және қадағалау агенттігі банк секторының қаржылық тұрақтылығын мониторингтан өткізу жүйесін жасап жатыр. Бұл туралы кеше өткен "Оңтүстік Корея тәжірибесі негізінде әлемдік капитал нарығындағы дағдарыс жағдайында жасалатын мемлекеттің тұрақтандыру шаралары" атты жиналыс барысында агенттік басшысы Елена Бахмутова мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 27 Наурыз 2008
  • 765
Фото - Caravan.kz

«Банк жүйесіне қатерлі жайттарды бастапқы сатысында-ақ анықтау үшін қазір агенттік кеңесшілерді тартып, өзге де қызығушылық танытқан органдармен бірлесе отырып, банк саласының қаржылық тұрақтылығының мониторингтік индикаторларының жүйесі жасалып жатыр. Ол капиталдандыру, актив сапасы, тәуекелді, табыстылықты және ликвидтілікті шоғырландыру индикаторларының тобын қамтиды», — деді Е. Бахмутова.

Ол Қаржы бақылау агенттігінің қызметі ағымдағы проблемаларды шешуге бағытталатынын атап көрсетті. Атап айтқанда, ол қаржы жүйесіндегі тәуекелді жедел анықтау үшін әрекет ету құралдары мен әдістерін жасап шығару.

«Осы мақсатта біз кейбір заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер енгізуді қарастыратын қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері жөніндегі заң жобасын жасауды қажет санаймыз», — деп түсіндірді Е. Бахмутова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті