«Бүгін Астанада өтетін отырыста «Арна-2007 » шұғыл алдын алу кешенді операциясының қорытындысы қарастырылып, бұл операцияға тұрақты есірткіге қарсы жобасы статусын беру мәселесі шешіледі», -деп айтылған баспасөз хатында.
ҚР ІІМ еске салғанындай, «ЕЗАҚКК» кеңес үкіметі кеңістігі елдеріндегі ірі көлемді есірткі агрессиясына қарсы жауап ретінде құрылған «. «Құрылған кеңестің басты бағыттарының бірі ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің Ауғанстан төңірегіндегі қауіпсіздікті сақтап, есірткіге қарсы күресті бірлесіп жүргізу. Ауған есірткісінің контрабандасына қарсы тиімді күрестердің бірі тұрақты түрде халықаралық «Арна» шұғыл алдын алу операциясы», — делінген құжатта.
Комитет мәліметтері бойынша былтыр ҰҚШҰ мүше мемлекеттерден басқа (Армении, Белорусия, Қазақстан, Қырғызстан, РФ, Тәжікстан және Өзбекстан) «Арна» операциясына Әзербайжан, Иран, ҚХР, Латвия, Литва, Монғолия, Пәкістан, Польша, АҚШ, Украина, Финляндия және Эстонияның құзырлы органдарының өкілдері қатысты. » «Арна» операциясына бірінші рет Ауғанстан мен Түркменстанның құқық қорғау органдары қатысты, -дейді комитет қызметкерлері.
Баспасөз хатында айтылғанындай, бүгінгі отырыстың қатысушылары есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қоятын құзіретті орган басшыларының Үйлестіру кеңесінің есірткі, психотроптық заттармен оның прекурсорларының бірыңғай тізімін және биылғы жылы ақпаратпен алмасу бойынша жасалатын жоспар жұмысын бекітіп, шұғыл іздестіру қызметі бойынша мамандарды оқытып алмасу жөнінде мәселелерді шешетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті