Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы есірткінің заңсыз айналымымен күрес саласындағы ұлттық заңнамаларды үйлестіру қажет деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы есірткінің заңсыз айналымымен күрес саласындағы ұлттық заңнамаларды үйлестіру қажет деп санайды

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы есірткінің заңсыз айналымымен күрес саласындағы ұлттық заңнамаларды үйлестіру қажет деп санайды

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа ұйымға мүше елдердің есірткінің заңсыз айналымымен күрес саласындағы ұлттық заңнамаларды үйлестіру қажет деп санайды. Ол осындай пікірді бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдары жетекшілерінің үйлестіру кеңесінің отырысы барысында ортаға салды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 27 Наурыз 2008
  • 465
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде біздің арамызда заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес саласында конструктивті қарым-қатынас орнады, алайда, осы саладағы іс-қызметті, біздің пікірімізше, ұдайы жетілдіре түсу қажет», — деді Н. Бордюжа.

«Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің есірткіні бақылау және жедел іздестіру іс-қызметі саласындағы ұлттық заңнамаларды үйлестіру қажеттігі аса өткір сезіліп отыр», -деді ол.

«Беларусь жағының Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шеңберінде есірткі, психотроптық заттар мен оның прекурсорларының бірыңғай тізімін жасау жөніндегі ұсынысы өз жалғасын табады деп сенеміз. Бұл жерде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Парламенттік ассамблеясымен тұрақты ықпалдастық орнату қажет», — деді ұйымның бас хатшысы.

«Ұйымға мүше елдердің құқық қорғау органдарының әлеуетін нығайтуға, есірткіге сұраныс пен ұсынысты азайтуға, жоғары технологиялар мен киберкеңістікті пайдалана отырып жасалатын есірткіге қатысты құқық бұзушылықтармен күреске бағытталған кешенді шаралардың жобасын жасап, тез арада жүзеге асыру қажет», — деді Н. Бордюжа.

Өз кезегінде ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес комитетінің төрағасы Маратқали Нүкенов журналистерге берген сұхбатында БҰҰ-ның есірткі саудасымен күрес басқармасының іс-қызметі аясында қабыданған есірткі, психотроптық заттар мен оның прекурсорларының бірыңғай тізімі бар екенін еске салды. Осыған байланысты ол Беларусь жағының бастамасын талдау барысында дау туындай мүмкіндігін жоққа шығармайды. «Бұл тізімді тек біздің елдердің аясында жасау теріс болуы мүмкін, өйткені, дүниежүзінде қабылданған нормалар мен тізімдер бар, сол себепті біз әлемдік стандарттардан алшақ кетпейтін шығармыз», — деді комитет төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті