Алматының демалыс және мәдениет паркінде әскери Ф-1 гранатасы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының демалыс және мәдениет паркінде әскери Ф-1 гранатасы табылды

Алматының демалыс және мәдениет паркінде әскери Ф-1 гранатасы табылды

Алматы. 28 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматының демалыс және мәдениет паркінде әскери Ф-1 гранатасы табылды, деп хабарлайды агенттік "Алматының қалалық құтқару қызметіне" сілтеме жасай отырып.

  • 28 Наурыз 2008
  • 548
Фото - Caravan.kz

«27 наурызда 9 сағат 20 минутта 051 кезекшілік пультіне парк территориясында граната жатқаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Территорияны тексеру кезінде кинология қызметі тұтандырғышы жоқ бітеуіші бар әскери Ф-1 гранатасының жатқанын анықтады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жарылғыш затты «Арлан» арнайы бөлімшенің қызметкерлері тәркіледі. Зардап шеккендер мен өлім- жітім жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті