Қырғызстан мен Қазақстан Ыстықкөл жағасында құтқарушыларға арналған сауығу орталығын құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан мен Қазақстан Ыстықкөл жағасында құтқарушыларға арналған сауығу орталығын құрады

Қырғызстан мен Қазақстан Ыстықкөл жағасында құтқарушыларға арналған сауығу орталығын құрады

Бішкек. 28 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан мен Қазақстан Ыстықкөл жағасында құтқарушыларға арналған сауығу орталығын құрады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 28 Наурыз 2008
  • 578
Фото - Caravan.kz

«Мұндай орталықты құру туралы келісімге жақында Мәскеуде болған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар министрлерінің кездесуінде жүзеге асқан Қазақстан мен Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлері Қамчыбек Ташиев пен Владимир Божко арасында өткен келіссөздер барысында қол жетті. Бұл орталықты қазір жұмыс жасап отырған база негізінде ұйымдастыру көзделіп отыр. Біз оны тек екі мемлекеттің ғана емес, бүкіл Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының қажеттіліктерін ескере отырып жабдықтаймыз», — деп хабарлады Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қ. Ташиевтің айтуынша, Бішкек қаласының маңында орналасқан «Ала Арча» Ұлттық табиғи парк аумағында жартасқа өрмелеуші құтқарушыларды дайындау орталығын құру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл мәселе бойынша ниет хаттамасына қол қойылған. Сонымен бірге, Қазақстан мамандары Қырғызстанның өзіне бірнеше құтқару топтарын дайындауға және құруға көмектесуге, сондай-ақ, олармен тәжірибе бөлісуге дайын екендіктерін жеткізді.

«Владимир Божкомен өткен келіссөздеріміз аса жемісті болды. Қол жеткізілген келісімдер негізінде қазірдің өзінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Ынтымақтастықты іс жүзінде ғана емес, аналитика, табиғи апаттарды болжау мәселелері бойынша да нығайту қажет деп табылды», — деп мәлімдеді Қ. Ташиев.

Сонымен қатар, Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі Қырғызстанның төтенше жағдай мамандары жыл сайын Алматы маңында өткізілетін «Қазқұтқару» халықаралық құтқарушылар жарысына қайта қатысатынын атап көрсетті. «Былтыр біздің тобымыз мұнда жоғары төртінші орынға қол жеткізді. Енді біз бұдан да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге тырысамыз», — деп атап көрсетті Қ. Ташиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті