ҚР Орталық Сайлау комиссиясы күзде үкіметке сайлау заңнамасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қоржынын апаруды жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Орталық Сайлау комиссиясы күзде үкіметке сайлау заңнамасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қоржынын апаруды жоспарлауда

ҚР Орталық Сайлау комиссиясы күзде үкіметке сайлау заңнамасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қоржынын апаруды жоспарлауда

Астана. 28 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Орталық Сайлау комиссиясы күзде үкіметке сайлау заңнамасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қоржынын апаруды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов "Сайлау процессіне қатысушылар: олардың проблемалары мен мүмкіндіктері" атты дөңгелек үстел барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Наурыз 2008
  • 546
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы үкіметке шамамен қыркүйек-қазан, ал мәжіліске 2008 жылдың желтоқсан айында енгізіледі деп жоспарлануда», -деді Қ. Тұрғанқұлов.

Оның айтуынша, «2007 жылдың маусым айында сайлау заңнамасына енгізілетін түзетулердің жобасы дайын болған, алайда, оларды талқылау елімізде конституциялық реформалар мен кезектен тыс мәжіліс сайлауы өткізілуге байланысты тоқтатылды». «Біз тиісті заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының іс-қызметін өткен жылдың қараша айында қайта жандандырдық. Ол өткен сайлауға байқаушылық жасаған миссиялардың нұсқауларын, саяси партиялар, бейресми ұйымдар мен Орталық сайлау комиссиясының ұлттық сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын талқылайды», -деді ОСК төрағасы.

Оның мәліметінше, бүгінге дейін Орталық сайлау комиссиясына сайлау заңнамасын жетілдіру бағытында 250 жуық ұсыныс келіп түсті. «Оларды талқылау мен бүгінгі дөңгелек үстелге қатысушылардың ұсыныстарын қарау сәуір мен мамыр айында жалғасады. Маусымда біз тағы бір дөңгелек үстел өткізіп, шілдеде сайлау туралы конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстардың жобасын жұмыс тобының аясында талқылап, қыркүйекте әділет министрлігіне ұсынамыз», — деді ол.

«Бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап ететін нормалар үкіметпен жаз бойы келісіледі», -деп нақтылады ол.

«Осы орайда сайлаудың құқықтық базасын жетілдіруге бағытталған барлық жұмыстардың басты мақсаты, біздіңше, сайлауға қатысушы юарлық жақтардың сайлау процессіне деген сенімін көтеруге, оның ең жоғары деңгейдегі ашықтығына, айқындығы мен әділеттілігіне қол жеткізуге алып келуге тиіс», -деп атап көрсетті Қ. Тұрғанқұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті