ҚР ОСК төрағасы атқарушы орган қызметкерлері жергілікті жерлердегі сайлаушылар тізімінің сапасы үшін дербес жауапкершілік жүктеуі қажеттігін ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ОСК төрағасы атқарушы орган қызметкерлері жергілікті жерлердегі сайлаушылар тізімінің сапасы үшін дербес  жауапкершілік жүктеуі қажеттігін ұсынады

ҚР ОСК төрағасы атқарушы орган қызметкерлері жергілікті жерлердегі сайлаушылар тізімінің сапасы үшін дербес жауапкершілік жүктеуі қажеттігін ұсынады

Астана. 28 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов атқарушы орган қызметкерлері жергілікті жерлердегі сайлаушылар тізімінің сапасы үшін дербес жауапкершілік жүктеуі қажеттігін ұсынады. Бұл туралы ол бүгін "Сайлау процессіне қатысушылар: олардың проблемалары мен мүмкіндіктері" атты дөңгелек үстел барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Наурыз 2008
  • 582
Фото - Caravan.kz

«Азаматтардың сайлау құқығына байланысты жиі қойылатын сұрақтардың бірі сайлаушылардың шынайы тізімін дайындау мен оларды сайлауаралық кезеңде түзетілуі болып табылады», — деді Қ. Тұрғанқұлов.

«Осы мәселе бойынша бізге тап болатын қиындықтар көбінесе заңнаманың жетілмеуінен гөрі құқықты қолдану тәжірибесіне және жергілікті деңгейде сайлаушылар тізімін нақтылау мен түзету жұмыстарын ұйымдастыру деңгейіне байланысты «, — деді ол. «Атқарушы орган қызметкерлері жергілікті жерлердегі сайлаушылар тізімінің сапасы үшін дербес жауапкершілік жүктеуі қажет деп санаймыз», -деп мәлімдеді ОСК төрағасы.

Сонымен бірге, Қ. Тұрғанқұловтың пайымдауынша, сайлау комиссияларын құрудың қазіргі бар жүйесі «заңнамада жеткілікті деңгейде регламенттелмеген». «Осыған байланысты жергілікті жерлердегі сайлауларды ұйымдастырушылар сайлау комиссияларының құрамын сайлау органдарының тиімді тіке жүйесін құруға мүмкіндік беретіндей етіп жасақтау тетігін заңмен бекітуді ұсынуда», — деді ол.

«Ал сайлаушылардың дауыс беруі мен дауыс санауды ұйымдастыру процедурасына келсек, біздің пікірімізше, «Сайлау туралы» заң сайлау органдары мен сайлау процессіне қатысушылардың барлық іс-әрекеттерін жан-жақты әрі айқын регламетнтейді. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, әрбір сайлау науқаны заңнамаға өзгерту енгізуді талап ететін бірқатар жаңа проблемалар мен мәселелерді айқындайды. Сол себепті осы мәселе бойынша пікірталасты жалғастырып, дауыс беру мен дауыс санау процедураларын регламенттейтін құқықтық базаны біршама жетілдіре алатын ұсыныстар дайындау абзал», — деді ОСК төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті