Қазақстан сайлауларды халықаралық және жергілікті байқаушылардың жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттемесін толық орындап отыр - ОСК төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан сайлауларды халықаралық және жергілікті байқаушылардың жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттемесін толық орындап отыр - ОСК төрағасы

Қазақстан сайлауларды халықаралық және жергілікті байқаушылардың жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттемесін толық орындап отыр - ОСК төрағасы

Астана. 28 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың пайымдауынша, Қазақстан сайлауларды халықаралық және жергілікті байқаушылардың жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттемесін толық орындап отыр. Бұл туралы ол бүгін "Сайлау процессіне қатысушылар: олардың проблемалары мен мүмкіндіктері" атты дөңгелек үстел барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Наурыз 2008
  • 395
Фото - Caravan.kz

«Біз үшін шетелдік және отандық байқаушылардың іс-қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру, олардың құқықтары мен міндеттемелерін айқын белгілеп беру аса маңызды мәселе. 2007 жылы біз «Сайлау туралы» заңға халықаралық байқаушылардың іс-қызметін реттеуге қатысты бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгіздік, жалпы алғанда, Қазақстан сайлауларды халықаралық және жергілікті байқаушылардың жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттемесін толық орындап отыр «, — деді Қ. Тұрғанқұлов.

«Ал байқаушылардың құзыреті мен құқықтарына келетін болсақ, ЕҚЫҰ-ына мүше басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстанда байқаушылар сайлау науқанының барлық кезеңдерінде оны барысы туралы кәсіби пікір қалыптастыру үшін қуатты мүмкіндіктерге ие», — деді ол.

«Алайда, егер біздің бірлескен талқылауларымыз барысында байқаушыларға сайлау науқанына қатысты барлық жайттардың толық әрі айқын сипаттамасын жасауға мүмкіндік беретін заңды құқықтық шаралар ұсынылып жатса, жұмыс тобы оны талқылауға дайын», — деді ол дөңгелек үстелге қатысқан ЕҚЫҰ, саяси партиялар мен Қазақстанның бейресми ұйымдарының өкілдеріне қаратып айтқан сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті