Бүгін №31 алаңның жанармай құю станциясында ауыр химиялық машина құрылысының мамандары ғарыш кемесінің қозғалтқыштарына жанармай құюға кірісті. Ол екі күн жалғасады. Ол аяқталған соң ғарыш кемесі «Союз-ФГ» зымыран тасығышымен түйістіруге дайындайтын қорытынды операцияларды өткізу үшін монтаж-сынақ корпусына жеткізіледі.
Сондай-ақ, келесі аптада ғарышкерлер экипаждарын жерге түсетін аппаратта жасалатын соңғы жаттығуларын өткізу жоспарланып отыр.
Ғарышкерлер экипажының 17 экспедициясы мен 14 экспедиясын «Союз-ФГ» зымыран тасығышының көмегімен «Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 8 сәуірінде Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген. Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 17 экспедицияның негізгі экипажын жеткізеді. Экипаж құрамына Ресей ғарышкерлері Сергей Волков пен Олег Кононенко, сондай-ақ, 14 экспедиция ғарышкері, Оңтүстік Корея азаматшасы Йи Сойон кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті