Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылғы 28 наурызда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Қостанай облыстық филиалының VІІІ партиялық конференциясы өтті. Конференция жұмысына «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Әділбек Жақсыбеков қатысты.
«Күн тәртібіндегі бірінші мәселе ретінде ұйымдастыру мәселелері қаралды. Атап айтсақ, «Нұр Отан» ХДП Қостанай облыстық филиалының төрағасы Теміржан Төлеубаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты және оны партияның облыстық филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының құрамынан шығаруға байланысты Қостанай облыстық партия филиалының төрағасы етіп Ғани Сағиев сайланды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Іс-шараға облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 250 делегат, барлық деңгейдегі мәслихаттардың хатшылары, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Алдағы бес жылда шешу көзделіп отырған негізгі міндеттер қаралып, талқыланды. «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Ә. Жақсыбеков өз сөзінде экономикалық дамудың үлкен қоры, яғни азаматтардың өмір сапасын арттыру жағдайы бүгінгі таңда нақты аймақтарда жатқандығын атап өтті. Қостанай облысында инвестиция тарту, экономика мен әлеуметтік саланы басқарудың сапасын арттыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті