«Жамбыл облысында Тасөткел су қоймасында 28 наурызда балық аулап жүріп бір ер адам суға батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметінің күшімен іздестіріп жатыр», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, ТЖМ ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысындағы (Көктөбе ауылы) Боралдай өзенінде 29 наурызда сағат 16-да бір ер адам суда жүзіп жүріп батып кетті. Оның мәйіті судан құтқару қызметінің күшімен іздестірілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті