Ақмола облысында улы қалдықтарды қайта өңдеу желісі жұмысқа кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында улы қалдықтарды қайта өңдеу желісі жұмысқа кірісті

Ақмола облысында улы қалдықтарды қайта өңдеу желісі жұмысқа кірісті

Көкшетау. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысындағы Қазақстандағы алғашқы табиғат қорғау кешені "Эко-Гарант" ЖШС-де улы қалдықтарды қайта өңдеудің технологиялық желісі қызметке кірісті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 31 Наурыз 2008
  • 829
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі күнге дейін біз улы заттардың қауіптілік деңгейін төмендетумен, өнімді сығымдаумен, қауіпсіз көмумен айналысып келдік. Енді біз ауыл шаруашылығының улы қалдықтарын қайта өңдеу бойынша технологиялық желіні іске қостық», — деп хабарлады кәсіпорын басшысы Мұрат Теміржанов.

Оның айтуынша, қауіптіліктің 2,3 кластағы улы заттарына жатқызылатын қалдықтарды өңдеу нәтижесінде пластмасса өндіруге пайдаланылатын полимерлік ұнтақтың алғашқы көлемдері де шығарылып қойған.

Кәсіпорын жұмысымен қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов пен Ақмола облысының әкімі Альберт Рау танысты.

М. Теміржановтың хабарлауынша, кешеннің материалдық-өндірістік базасына қалдықтарды жинауға және уақытша сақтауға арналған ашық алаңқай, булағыш тоған, кәдеге жарамайтын улы қалдықтарды қауіпсіз көму полигоны, жабық дайын екінші рет өңделген өнімді сақтау қоймасы, қалдықтарды пайдалану (сұрыптау, жартылай өңдеу және сығымдау) цехы кіреді.

Келер жылы осы кешеннің базасында құрылыс материалдарын шығару жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті