«2008 жылдың бірінші тоқсанында алдын-ала мәлімет бойынша, бюджет шығындары 8,6 млрд сом, ал кіріс — 7,5 млрд сомды құрады. Ал кіріс бөлігі жоспардың 95% көлемінде орындалды, алайда, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 2,2 млрд сомға артық, бұл жағдайда өсім 43,5 процентті құрады», — деп хабарлады Қырғызстанның қаржы министрі Тажикан Калимбетова республика үкіметінің жанындағы макроэкономикалық және инвестициялық саясат жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында.
Т. Калимбетованың айтуынша, бюджеттің 52% -ын кедендік аударымдар, 34% — салық түсімдері құрады. Сонымен бірге, мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түскен түсімдер белгіленген көрсеткіштен біршама кенжелеп қалды, ол жоспардағы 97 млн сомның орнына 14 млн сомды құрады.
Жалақы төлемдері мен қорғаудағы баптар бойынша төлемдерді 100% қамтамасыз ету, сондай-ақ, көктемгі тұқым себу науқанын жүзеге асыру (2,6 млрд сом) мүмкін болды. Қамбар Ата 2-ші СЭС құрылысына жұмсалған күрделі қаржы 30 млн сомды құрады, 70 млн сом ағымдағы күзде Бішкекте өтеді деп межеленген ТМД саммитіне дайындыққа жұмсалды.
$1 36,5 сомға тең.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті