Қазақстан сауаттылық деңгейі бойынша әлемдегі 177 елдің ішінен 14 орында - Түймебаев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан сауаттылық деңгейі бойынша әлемдегі 177 елдің ішінен 14 орында - Түймебаев

Қазақстан сауаттылық деңгейі бойынша әлемдегі 177 елдің ішінен 14 орында - Түймебаев

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгінгі таңда Қазақстан сауаттылық деңгейі бойынша әлемдегі 177 елдің ішінен 14 орында. Бұл туралы Ақордада ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуде білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 1 Сәуiр 2008
  • 2254
Фото - Caravan.kz

Министрдің хабарлауынша, республикада 4,5 миллион адам білім алуда және білім мен ғылым жүйесі мемлекет халқының 30 пайызын қамтиды.

«Соңғы 10 жылда білімді қаржыландыру 7 есеге артты. Тек биылғы жылдың өзінде бұл саланы қаржыландыру 10 миллиард теңгеге көбейді», — деді Ж.Түймебаев журналистерге арналған брифингте.

Білім және ғылым министрі сонымен қатар, «2007 жылы балалар бақшасының саны 226-ға артқанын, және бұл көрсеткіштің 2000-2006 жылдар кезеңіндегі мектепке дейінгі мекемелердің сандық өсіміне сәйкес келетінін атап көрсетті.

Ж. Түймебаевтың мәліметтеріне сүйенсек, есеп беру кезеңінде президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанның 1600 мектебі интерактивтік тақтамен қамтамасыз етілген, ағымдағы жылы тағы мың мектеп интерактивтік тақтамен және бағдарламамен қамтылатын болады.

Министр сондай-ақ, кәсіби-техникалық білім беруде айтарлықтай ілгерілеушіліктер бар екенін атап көрсетті. «2007 жылы 21 кәсіби оқу орны құрылды, тағы 45 кәсіби лицейдің құрылысына 56 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр».

«Жоғары білім берудің сапасына қатысты айтатын болсақ, біз шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыта түсеміз, екі дипломдық білім беру тәжірибесі жалғасатын болады. Өткен жылы Еуразия ұлттық университеті Нью-Мексико университетімен бірлесіп магистранттарды даярлады. Мұндай тәжірибе басқа да жоғары оқу орындарында жалғасын табады», — деп атап өтті Ж.Түймебаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті