«Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес ҰБТ — ортадан кейінгі немесе жоғарғы білім беретін оқу орындарына оқуға түсу сынағымен бірлестірілген, жалпы орта білім беру орындарында оқитын оқушыларды қорытынды аттестациядан өткізу формаларының бірі», — деп түсіндірген баспасөз қызметі.
Білім және ғылым министрлігі 2008 жылы ҰБТ 5 пән: математика, ана тілі (оқитын тілі), Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқитын мектептер үшін қазақ тілі, қазақ тілінде оқитын мектептер үшін орыс тілі және таңдаған пәні бойынша өткізіледі. Бұл жерде ҚР «Білім туралы» заңының 9-бабының 4-тармақшасына сәйкес қазақ және орыс тілдері ҰБТ бағдарламасына енгізілетін міндетті пәндер санатына жатқызылады.
«ҰБТ маусым айының бірі мен оны аралығында өткізіледі. ҰБТ әрбір пәні бойынша тест тапсырмаларының саны — 25. Тест тапсырмаларының жалпы саны — 125. ҰБТ-ке 3 астрономиялық сағат бөлінеді (180 минут)», — деп түсініктеме берді министрліктің баспасөз қызметі.
ҰБТ нәтижесі бойынша мектептердің түлектері аттестат және сертификат алып, «Алтын белгіні» қорғап, ерекше аттестат алады. ҰБТ нәтижесі бойынша білім беру грантын тағайындау бәйгесіне қатысу үшін төрт пән бойынша 100 баллдан 50-ден кем емес балл жинау қажет. Профильді пәні бойынша 7 баллдан кем емес, ал қалғандарынан болса 3 баллдан төмен болмауы шарт. Сертификат үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет ете алады.
«Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ҰБТ төрт пәні бойынша — математика, ана тілі (оқитын тілі), Қазақстан тарихы және таңдаған пәні бойынша балл есептеледі», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. «Орыс тілінде оқитын мектептер үшін қазақ тілі, қазақ тілінде оқитын мектептер үшін орыс тілі пәндерінен болатын тест нәтижесі жоғары оқу орынына түсуге ықпал ете алмайды», — деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.
«Қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілу үстінде», — деп атап көрсетті Білім және ғылым минстрлігінің баспасөз қызметі.
Бұрын хабарлағанымыздай, 15 наурыз күні Ақмола облысының мәслихатының депутаттарының сауалдарына жауап бере тұрып Жансейіт Түймебаев биылғы жылы мектеп түлектері бұрынғыдай бір рет қана тест тапсырады деп хабарлаған болатын. Тест бес пән бойынша өткізіледі. Ал өту баллы бұрынғысынша қалады. Бұрынғыдан өзгешелігі орыс тілінде оқитын мектептер қазақ тілінде, қазақ тілінде оқитын мектептер орыс тілінде тест тапсырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті