Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық фестивалі өтеді

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық фестивалі өтеді

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін". Астанада 3 сәуірде мүмкіндігі шектеулі балалардың Астананың 10 жылдығына арналған "Жұлдызай" атты үшінші Республикалық шығармашылық фестивалі өтеді. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 2 Сәуiр 2008
  • 732
Фото - Caravan.kz

«Биылғы жылы бұл фестивальға республиканың түкпір-түкпірінен келген 2500 бала қатысады», — деді баспасөз қызметіндегілер.

«Фестивальдың негізгі мақсаты, мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамдағы әлеуметтік бейімделуі мен ықпалдасуын өнер мен шығармашылық арқылы жүзеге асырып, балалардың шығармашылық, рухани және зерделілік мүмкінтерін дамыту», -деп хабарлайды министрлік. Сондай-ақ, бизнес құрылымдары мен қоғамды балалардың мәселесіне назар аударту.

Фестиваль 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқауға Қазақстанның бес облысынан 367 бала қатысқан кезде ол Республикалық дәрежеге ие болды. Өткен жылы фестиваль жұмысына республиканың барлық облыстарынан 1676 бала қатысты. Басты жүлделер мен «Гран-приге» ие болған қатысушыларға «Билеп тұрған жұлдыздар» мүсіншесі мен «Жұлдызай» фестивалінің жаңа таңбасы беріледі. Ал екінші кезеңге өткендердің бәріне естелік сыйлықтары мен жүлделер тапсырылады.

Фестиваль 3 кезеңмен өткізіледі. Бірінші кезең (3 сәуір мен 3 мамыр аралығында ) барлық облыс орталықтарында, Астана, Алматы қалаларында өткізіледі. Бірінші іріктеу байқауы 3 сәуірде сағат 11.00 Қарағандының балалар және жасөспірімдер сарайында өтеді. Екінші кезең (27 мамырдан 10 маусымға дейін) бірінші кезеңнің жеңімпаздарын (250 адамнан асады) Республикалық «Балдаурен» оқу сауықтыру орталығында жинайды. Фестивальдің үшінші қорытынды кезеңі (11-12 маусымда) Астанада өтіп, балалар өздерінің жұмыстары мен өнерлерін көрсете алатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті