Ол бұл фильмнің Қазақстан, АҚШ және Ресей елдерінің бірлескен жобасы екенін хабарлады. Көркем туындыны қаржыландыру да үш мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Жалпы алғанда фильмнің бюджеті шамамен 75 млн АҚШ долларын құрамақ.
Продюсердің айтуынша, «Шығыс транзиті» ағылшын тілді жоба болып табылады. «Дегенмен фильм орыс және қазақ тілдеріне аударылады», — деп толықтырды Е. Жалғасов.
Ол сондай-ақ, түсірілімдер Астанадан басқа Нью-Йорк, Майами және Мәскеу қалаларында өтетінін атап өтті. «Жалпы алғанда түсіру процесі қысқа болады. Ол 2-3 айдан әріге созылмайды», — деді ол.
«Бұл фильм Қазақстан, Ресей және Америка секілді ұлы державалардың есірткі және адам саудасымен күресі туралы болмақ», — деп фильмнің сюжетімен продюсері қысқаша таныстырды. Марк Дакаскос Қазақстан Интерполының офицері рөлінде ойнаса, Каспер ван Дьен Ресей Интерполының офицері рөлін сомдайды. Ал Арманд Ассанте болса Кеңес Одағынан шыққан есірткі баронының рөлінде ойнайды. «Әлем аруы — 2006» байқауының жеңімпазы, Ресей балеринасы Софья Аржаковская басты рөлде ойнайды. Ол адам саудасының құрбанына айналған әйелдің бейнесін жасайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті