Мемлекет басшысы Қазақстанда мәдени туризмнің даму қажеттілігін атап көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Қазақстанда мәдени туризмнің даму қажеттілігін атап көрсетті

Мемлекет басшысы Қазақстанда мәдени туризмнің даму қажеттілігін атап көрсетті

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда мәдени туризмді дамыту қажет. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы барысында айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 16 Маусым 2008
  • 590
Фото - Caravan.kz

«Қазір біз Батыс Еуропа — Қытай жолын сала бастадық. Ол Қазақстан, Ресей, Еуропа мен Қытайды жалғастырады. Оның жолында үш ірі тарихи ескерткіш — Сарайшық, Отырар мен Түркістан қалалары болады. Сондықтан, қазір біз жұмыстарды нақты осы үш нысан бойынша жасап, содан кейін ғана басқа да шағын нысандармен айналыса бастауды құп көремін», — деп атап көрсетті президент.

«Әрине, біз жолдардан шалғай жатқан ескерткіштерді де сақтауға тиіспіз. Дегенмен, туристерге біз, бірінші кезекте, жолдарға жақын жатқан мұрамызды ашуға міндеттіміз», — деді ол.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы атап көрсеткендей, бұрын үстінен даңқты Ұлы Жібек жолы өткен аумақтардағы тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеп, жұртқа жариялауымыз керек. «Қазір барлығы Ұлы Жібек жолы жайында айтады. Біз туристерге осы жолдың Қазақстан аумағы арқылы өткенін көрсетуге тиіспіз», — деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті