Назарбаев қазақ тарихының ақтаңдақтарын ашқан ғалымдарға арнайы грант тағайындауды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев қазақ тарихының ақтаңдақтарын ашқан ғалымдарға арнайы грант тағайындауды ұсынады

Назарбаев қазақ тарихының ақтаңдақтарын ашқан ғалымдарға арнайы грант тағайындауды ұсынады

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тарихының ақтаңдақтарын ашқан ғалымдарға арнайы грант тағайындауды ұсынады. Бұл туралы мемлекет басшысы "Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы барысында айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 16 Маусым 2008
  • 639
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында шетелдерден Қазақстанға қазақ тарихына қатысы бар 5 мыңнан астам материалдың көшірмелері әкелінгенін айтты. «Енді сіз бен бізге осы жылдар ішінде табылған мұраны кешенді және жан-жақты зерттеу жұмысы тұр. Шетел мұрағаттарынан орасан зор ақшаға сатып алынған құжаттарды біздің мұрағаттарымызда шаңға бастырып қоюға әсте болмайды», — деп атап көрсетті ол. «Сондықтан, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында табылған барлық материалдарды ғылыми айналысқа жіберуді қадағалау керек», — деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті