Ресейдің Путорана шоқысы, қазақтың Сарыарқасы мен қырғыздың қасиетті Сүлеймен-Тоо Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізуге ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің Путорана шоқысы, қазақтың Сарыарқасы мен қырғыздың қасиетті Сүлеймен-Тоо Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізуге ұсынылды

Ресейдің Путорана шоқысы, қазақтың Сарыарқасы мен қырғыздың қасиетті Сүлеймен-Тоо Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізуге ұсынылды

Алматы. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ресейдің Путорана шоқысы, қазақтың Сарыарқасы мен қырғыздың қасиетті Сүлеймен-Тоо Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізуге ұсынылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

  • 26 Маусым 2008
  • 632
Фото - Caravan.kz

41 мемлекет ұсынған осы және басқа да кандидатуралар бойынша шешімді ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитеті Канаданың Квебек қаласында өтетін өзінің 32-сессиясында қабылдайды. Сессия шілденің 2 мен 12 аралығында өтеді. Ол Квебек қаласының негізі қаланғанына 400 жыл толуына орайластырылып отыр.

Бүкіләлемдік мұра 141 мемлекеттегі 851 мәдени және табиғи мұраларды қамтиды. Дүниежүзілік бірегей құндылыққа ие бұл нысандардың арасында 660 мәдени, 166 табиғи және 25 мәдени әрі табиғи ескерткіштер бар. Олардың барлығы да Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі конвенцияның қатысушылары болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті