«Бүгінгі жағдаймен Ақтөбеге екі президенттің күзет қызметінің мамандары, Қазақстан мен Ресейдің көптеген өңірлерінің журналистері мен шараның абсқа да қатысушылары келіп жатыр. Жалпы алғанда Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумы жайлы 70 жуық БАҚ ақпарат таратады»,- деді К.Петров.
Ақтөбедегі форумда азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланып, облыстық әкімдікте екі елдің ірі кәсіпкерлерінің бизнес-форумы мен қаладағы «Қоныс» спорт сарайында тауар өндірушілердің көрмесі өтеді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Дмитрий Медведев Хромтау ауданына барады деп күтілуде. Ақтөбеге 700-ден астам өкіл келмекші. Қазақстан , Ресей, Татарстан және Дағыстан президенттері, Мәскеу мэрі Юрий Лужков пен Санкт-Петербург губернаторы Валентина Матвиенко келеді деп күтілуде.
Саммит күндері қоғамдық тәртіпті қадағалауды 3 мыңнан астам құқық қорғау органы қызметкерлері қамтамасыз етеді. Ақтөбедегі қонақүйлер мен мейрамханалар шараға дайын екендіктерін мәлімдеуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті