Семей әуежайында АН-24 ұшағы апатты жағдайда қонды, зардап шеккен ешкім жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей әуежайында АН-24 ұшағы апатты жағдайда қонды, зардап шеккен ешкім жоқ

Семей әуежайында АН-24 ұшағы апатты жағдайда қонды, зардап шеккен ешкім жоқ

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Семей әуежайында АН-24 ұшағы апатты жағдайда қонды, зардап шеккен ешкім жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 22 Қыркүйек 2008
  • 454
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Семей әуежайында (Жаңа Семей ауданы) 21 қыркүйекте сағат 12.03-те сол жақ шассидің дөңгелегі жарылуы салдарынан Алматы-Семей бағытында қатынайтын»Скат» әуекомпаниясының АН-24 ұшағы апатты жағдайда қонды.

Ұшақ бортында экипаждың 4 мүшесі мен 22 жолаушы болған. Ұшақ апатты жағдайда сәтті қонды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті