Алматыда жексенбі күні қалада велосипед жолдарын салу идеясын қолдау мақсатындағы веложарыс өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.55
  • 563.38
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жексенбі күні қалада велосипед жолдарын салу идеясын қолдау мақсатындағы веложарыс өтеді

Алматыда жексенбі күні қалада велосипед жолдарын салу идеясын қолдау мақсатындағы веложарыс өтеді

Алматы. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жексенбі күні қалада велосипед жолдарын салу идеясын қолдау мақсатындағы веложарыс өтеді. Бұл туралы "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов бүгін өткен абспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қыркүйек 2008
  • 502
Фото - Caravan.kz

«Біз 28 қыркүйек, жексенбіде қалалық веложарыс өткіземіз. Қалада велосипедпен жүруге ниеті бар жандар көп», -деді М. Елеусізов.

Веложарыс таңертеңгі сағат 10.00-де «Орбита» ықшамауданындағы «Байқоңыр» кинотеатрынан басталып, «Орбита» — Торайғыров — Каблуков — Өтепов — Жароков — Шевченко — Абылай хан даңғылы — Қабанбай батыр көшелері арқылы өтеді. Жарысқа қатысушылар мемлекеттік академиялық опера және балет театрының алдындағы алаңда мәреге жетеді.

М. Елеусізовтың айтуынша, бұл — қалада экологтар ұйымдастырып отырған екінші веложарыс. Ол қала басышылығының назарын қалада велосипед жолдарын салу қажеттігіне тағы бір аудару үшін қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті