Комиссиянының талқылау қорытындысында мемлекеттік хатшы: «биылдан бастап мемлекеттік сыйлықтар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен тағайындалады. Бұл осы сыйлықтың дәрежесі мен абыройын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар ұсынылған шығapмaлapғa деген талаптарды ерекше күшейтеді, әрі оның үстіне , жалпы комиссияның және бүгінгі мәжіліске қатысып отырған оның әp6ip мүшесінің жауапкершілігін де анағұрлым арттырады. Сыйлық Қазақстанның көркемдік қазынасын толықтыратын тек шынайы үздік шығармаларға ғана беріледі»,- деп атап өтті.
Мәжілісте комиссия төрағасының орынбасары, мәдениет және аппарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед осы жылғы маусым айында комиссия кезекті отырысында мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған жалпы 37 шығарманың ішінен 5 туындыны қорытынды отырысқа жіберу жөнінде шешім қабылдағанын және ұсынылған шығармалардың жұртшылық тарапынан кеңінен талқыланғаны және олар туралы пікірлердің баспасөзде жарияланғаны жөнінде баяндады.
Министрдің айтуынша, биылғы сыйлыққа ақындар Несіпбек Айтұлы мен Серік Ақсұңқарұлының «Toғыз тарау» және «Төбемнен жауһар жауып тур» жыр жинақтары, композитор Кеңес Дүйсекеевтің «Астана» симфониясы мен 2003 — 2007 жылдары шығарған әндері, опера әншісі Майра Мұхамедқызының Абай атындағы опера жэне балет театрындағы 2004-2007 жылдардағы концерттік бaғдapлaмaлapы және авторлық ұжым ұсынған (Жоба жетекшісі Ә. Жақсыбеков, бас сәулетшісі С. Жүнісов, сәулетшілер: Б. Досмағамбетов, А. Белович, Н. Борискин) Астана каласындағы «Дөңгелек алаң» туындылары ұсынылған.
Мәжіліс талқылауынан кейін жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша комиссия кажетті дауыс aлғaн шығapмaлapғa 2008 жылғы әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы мемлекет басшысына ұсыныс беру жөнінде шешім қабылдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті