«Біз мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дайындалған бұл тұжырымдаманы қабылдауға тиіспіз деп санаймын»,- деді үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.
Үкіметтің отырысында еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің хабарлағанындай, бұл тұжырымдаманың басты мақсаты руханият және білім беру салаларын дамыту үшін ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік базаны жетілдіру, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану тиімділігін көтерудің ықпалды тетіктерін жасау болып табылады.
Ең алдымен ол үшін тарихи-мәдени мұра нысандарын одан әрі дамыту және сақтауға қажетті жағдайларды жасау қажет. Ұлттық мұраны шетелдік ғалымдармен, ірі ғылыми орталықтармен бірлесе кешенді зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасын табады. Сол арқылы мұра әлемдік ғылыми айналысқа түспек. Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қоғамдық білім және бұқаралық мәдениет саласына жеткізу және оларды халықаралық сахнада белсенді насихаттау аса қажет, деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті