Ғалымдар Көксарай су реттегіші аймағында археологиялық ескерткіштердің сақталуы проблемасына алаңдаулы - kaz.caravan.kz
  • $ 499.51
  • 525.83
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
28 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар Көксарай су реттегіші аймағында археологиялық ескерткіштердің сақталуы проблемасына алаңдаулы

Ғалымдар Көксарай су реттегіші аймағында археологиялық ескерткіштердің сақталуы проблемасына алаңдаулы

Шымкент. 17 тамыз. Kazakhstan Today - Ғалымдар Көксарай су реттегіші аймағында археологиялық ескерткіштердің сақталуы проблемасына алаңдаулы. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне тарих ғылымдарының докторы, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, Марғұлан атындағы Қазақ археология институты директорының орынбасары Бауыржан Байтанаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

  • 17 Тамыз 2009
  • 606
Фото - Caravan.kz

«Мәселе мынада. Көксарайда екі көне қала бар. Олардың айналасында сол өңірде көне ғасырларда күн кешкен халықтардың қабірлері аса көп. Ол жерде ұзындығы бір шақырым, ені 400 — 600 метр болатын ежелгі қала бар. Бұл Сырдарияның ескі арнасындағы бірегей қала, ол біздің жыл санауымыздың IX ғасырына тиесілі. Ол жерде айлақ болған деген жорамал бар. Бұл — гипотеза, сол маңда көне айлақтардың бірі болуы ықтимал деген гипотеза, оны тексеру керек. Сондай-ақ, ол жерде тоғыз ескерткіш бар, дербес тұрған және топтама түріндегі қорғандар баршылық. Олардың кейбірі Алтын адам табылған жердегідей патшалық қорғандарға өте ұқсас», — деді Б. Байтанаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today
Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.