Көрменің ашылу рәсіміне Латвияның еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Альберт Саркаиспен қатар Литваның, Украинаның, Польшаның, Жапонияның, Үндістанның, Германияның дипмиссия өкілдерімен қатар және Еуроодақ өкілдігінің басшысы қатысып, фотосуретшінің шығармашылығымен жете танысты.
Бұған дейін Ресей, Өзбекстан, Франция, Германия сынды мемлекеттерде 51 мәрте көрме ұйымдастырған ол елордада 37 көркем фотосуретін келушілердің назарына ұсынды.
Өз елінің сұлу табиғатын әуеден түсірген оның туындыларынан Рига қаласының ескі бөлігін, Балтық теңізінің тамаша жағалауларын, жалпы Латвияның көркем жерлерін тамашалауға болады.
Бұл көрменің Қазақстан мен Латвияның мәдениеттерін жақындастыра түседі деп есептейтін фотосуретші оларды көргеннен кейін еліміздің азаматтарының Латвияға саяхаттауға құмарлығы оянады деп санайды.
Көрме шілденің 1-іне дейін жалғасады.