Екібастұздықтар қаланың 53 жылдығын атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұздықтар қаланың 53 жылдығын атап өтті

Екібастұздықтар қаланың 53 жылдығын атап өтті

Екібастұздықтар бір апта бойы кеншілер мен энергетиктер қаласының 53 жылдығын тойлады.

  • 15 Маусым 2010
  • 613
Фото - Caravan.kz

Қалада концерттер, байқаулар мен спорттық жарыстар болып өтті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

«Екібастұз — даму мен жақсы бастамалардың қаласы, ол көмір мен энергетика өндірісінің ірі орталығына айналды және де Қазақстан Республикасының жедел дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді», — деді өзінің құттықтау сөзінде Екібастұз әкімі Нұрлан Нәбиев.

Қала күні иппомдромда ат жарысы өтті. Мәшһүр Жүсіп көшесінде «Шеберлер қаласы» деген атаумен ұлттық нақыштағы көрме ұйымдастырылды. Қалалық «Өнер» мәдениет орталығының жанында екібастұздық жігіттер сөз шеберлігі мен күштерін сынады.

Қала күні мерекесінде Екібастұздың дамуына мол үлес қосқан азаматтарға дипломдар мен құрмет грамоталары тапсырылды.