Елордада «Шебер-2010» 2-ші ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада «Шебер-2010» 2-ші ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Елордада «Шебер-2010» 2-ші ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін елордадғы Президенттік мәдениет орталығында «Шебер-2010» 2-ші ұлттық қолөнер шеберлері байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

  • 18 Маусым 2010
  • 639
Фото - Caravan.kz

«Біздің шеберлердің өнерлері өте жақсы, алайда көп жағдайда олар нарыққа өздерінің жұмыстарын шығар амайды. Сондықтан қазақ шеберлеріне, біріншіден жұмыстарын жақсы жағынан көрсетуге білуге және кәдесыйлық заттарды жасауға ақыл-кеңес бердік», дейді аталған шараны басты ұйымдастырушы «Шеврон» корпорациясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Заира Қанапиянова.

Еліміздегі қолөнер өндірісін дамыту, дарынды және болашағы зор қолөнершілерді табу, сонымен қатар қоғамға еліміздің қолөнер бұйымдары өндірісінің жетістіктері мен мүмкіншіліктерін паш ету мақсатында осымен екінші рет өткізіліп отырған байқау барысында жеңімпаздар «Дарынды бастау», «Асыл ұстаз», «Жоғарғы сапа», «Жаңашылдық», «Төлтумалық», «Озат іскер» аталымдары бойынша анықталды. Құрамында өнертанушылар, ҚР Мәдениет министрлігінің, «Шеврон» компаниясының, Орталық Азиядағы Еуразия қорының өкілдері бар қазылар алқасы байқауға қатысқан 105 жұмыстың ішінен 10 үздік жұмысты жеңімпаз деп таныды.

«Өткен жылмен салыстырғында бірқатар өзгерістер бар. Алайда қатысушылардың саны өзгермегенімен, олардың ұсынған жұмыстарының сапасы өзгерген. Ағымдағы жылы қазылар алқасы 6 аталым бойынша жеңімпазды анықтауы керек болатын, алайда қатысушылардың жұмыстарының таң қалдырғаны соншалықты, 10 жеңімпазды анықтауға тура келді», дейді «Our Heritage» қоғамдық қорының президенті Айжан Бекқұлова.