Топтамада — Астанадағы пленэрде қойылған шеберлердің туындылары бар.
«Мен елордаға бармағалы бірнеше жыл болды, мені таң қалдырғаны оның ауқымының кеңейгендігі. Астана — заманауи әлемдік сәулет өнерінің, жаңа құрылыс технологиялары мен ұлттық мәдениеттің үйлесімді жиынтығы», — дейді танымал суретші Виктор Поликарпов.