Іс-шараға болгарлық саяси, іскер және қоғамдық орталардың өкілдері, танымал мәдениет және өнер қайраткерлері, дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.
Болгариядағы Қазақстан елшісі Теміртай Ізбастин өз сөзінде көрмеге қатысушыларды Астана тарихымен, біздің Мемлекет басшысы, Президент Н.Назарбаевтың елорданы ауыстыру және қала құрылыс жөніндегі идеясымен таныстырды.