Қызылағаш ауылының күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйіне 3D форматта фильм көруге арналған арнайы аппаратура орнатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылағаш ауылының күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйіне 3D форматта фильм көруге арналған арнайы аппаратура орнатылады

Қызылағаш ауылының күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйіне 3D форматта фильм көруге арналған арнайы аппаратура орнатылады

Қызылағаш ауылының күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйіне 3D форматта фильм көруге арналған арнайы аппаратура орнатылады. Мұндай құрылғы әзірге Алматы облысының бірде-бір ауылында жоқ.

  • 13 Шiлде 2010
  • 754
Фото - Caravan.kz

Мәдениет үйі ғимаратында 300 орынға лайықталған көрермен залы, би залы, үйірмелерге арналған бөлмелер бар, деп хабарлады облыстық мәдениет басқармасына сілтеме жасаған Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Су тасқынынан кейін біраз кітап қоры (20 мың кітаптан 15 мың 357 кітап) сақталып қалған ауылдық кітапхана Мәдениет үйі ғимаратына орналастырылды. Сонымен қатар «Жансүгіров» қайырымдылық қорының қаржысына балаларға арналған 300 жаңа кітап сатып алынды. Кітапхана барлық қажетті жиһаздармен, стеллаждармен, оргтехникамен қамтамасыз етілген. Мұнда Интернет арқылы әлемнің кітапханаларынан қажетті әдебиетті іздейтін РАБИС жүйесі (кітапханааралық электронды абонемент) іске қосылған.
Мұндай жүйе ауыл кітапханаларына алғаш рет орнатылып отыр, дәл осы жүйе кейбір аудандық кітапханалардың өзінде жоқ, дейді облыстық мәдениет басқармасы.

Маусымның 30-ында мәдениет үйімен қатар ауылдық әкімдік, мешіт, «Қазпошта» және жаңадан салынған аудандық ІІБ тірек пункті пайдалануға берілгенін айта кету керек. Сөйтіп, Қызылағаш ауылын қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын.

Бүгінгі күні 435 үйдің құрылысы, 21 үйдің күрделі жөндеуі аяқталды. Қалғаны — жаңадан салынып жатқан 30 үйдің құрылыс жұмыстары бітуге таяу.

Облыс әкімі Серік Үмбетов барлық құрылыс жұмыстарының ақысы төленгеннен кейін қалған қаржыға теледидар мен тоңазытқыш алып беру жоспарланып отырғанын айтты.

Қазіргі кезде әлеуметтік, тұрмыстық-мәдени нысандардың сырлау жұмыстары жүргізіліп, қасбеттері абаттандырылуда (ауыл мектебі, аурухана, қоғамдық монша, спортзал, 120 орындық балабақша және 12 пәтер).

Қызылағашта ұзындығы 16,2 шақырымдық су құбырын жүргізу жұмыстары аяқталды. Көшелерге құдықтар орнатылып, елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілді. Ауыл көшелері толығымен жарықтандырылды. Телефон байланысы орнатылды. Ауыл жолдарына толығымен асфальт төселді.

Алматы — Өскемен республикалық жолындағы Қызылағаш өзені арқылы өтетін негізгі көпірдің құрылысы жүріп жатыр. Оның құрылысы қараша айында аяқталады деп күтілуде.

Ақтоған және Егінсу ауылдарында құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Ақтоған ауылында 35 жаңа үйдің құрылысы, 17 үйдің күрделі жөндеу жұмыстары бітті. Сондай-ақ 21 үйдің құрылысы мен 4 үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу.

Егінсу ауылында 34 үйдің күрделі жөндеу жұмыстары бітті.
Тағы 20 үйдің күрделі жөндеуі, сол сияқты 21 үйдің құрылысы аяқталуға жақын.

Егінсу ауылында 640 орындық мектеп пен 90 балаға арналған балабақшаның жөндеу жұмыстары, медпункттің құрылысы тәмамдалуда.

Елді мекеннің шығысындағы шеткі көшенің маңында жаңа саябақ бой көтеріп, онда бүгінгі күнге 15 мың түп терек, қарағаш, қайың, емен т.б. ағаштар отырғызылды. Олар арнайы жүргізілген арық жүйесі арқылы суарылуда.

Қызылағаш ауылында Алматы-Өскемен тас жолының оңтүстік беткейіне су тасқынынан қаза болғандарға арналған ескерткішті орнату жұмыстары жүргізілуде. Авторы — Қаби Баулықов. Ескерткіш бетон мен граниттен жасалады. Ені 14 метр, биіктігі 7 метр.