Павлодар облысында тұрғылықты емес ұлттардың жас өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқау аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында тұрғылықты емес ұлттардың жас өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқау аяқталды

Павлодар облысында тұрғылықты емес ұлттардың жас өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқау аяқталды

Павлодар облысында тұрғылықты емес ұлттардың жас өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты конкурс аяқталды, деп хабарлайды Павлодар облысы Успен аудынының әкімдігі.

  • 14 Шiлде 2010
  • 561
Фото - Caravan.kz

Жасы 30-ға дейінгі мемлекетттік қызметте істейтін жас қыз-жігіттер қазақ тіліндегі білімдері бойынша, келушілермен тіл табысып, ресми іс-қағаздарды аудару бойынша байқауға түсті.

Бірінші орынды алған Наталья Канзюба мемлекеттік тілді еркін игергендігін паш етті. Ол енді облыстық конкурста аудан намысын қорғайтын болады.

Екінші орынға қазақ мақал-мәтелдерін жатқа айтып, Абайдың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқыған Наталья Веселовская ие болды. Мемлекеттік тілде жазылған іс-қағаздарды аударуда белсенділік танытқан Юлий Бурма үшінші орынды алды.