ХХ ғасырдағы қазақ өнері жауһарларының көрмесі Лондонда өзінің жаңа маусымын ашады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ХХ ғасырдағы қазақ өнері жауһарларының көрмесі Лондонда өзінің жаңа маусымын ашады

ХХ ғасырдағы қазақ өнері жауһарларының көрмесі Лондонда өзінің жаңа маусымын ашады

Лондондағы өнердің жаңа маусымын Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы мен жеке коллекциядағы ХХ ғасырдың сурет туындыларының көрмесі өз есігін күзде айқара ашады.

  • 15 Шiлде 2010
  • 723
Фото - Caravan.kz

Көрме 2010 жылғы қыркүйектің 1-і мен 8-і аралығында Лондонның орталығында орналасқан Christies аукцион үйінің көрме залдарында өткізіледі. Қазақ және орыс өнерінің біртума жауһарларынан келушілер қазақтың ұлттық көркемөнер мектебінің қалыптасу тарихы мен дамуынан мағлұмат ала алады.

ҚазАқпарат тілшісіне Ресей мен ТМД елдеріндегі Christies аукцион үйінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қастеев мұражайының елу сурет туындысын белгілі қазақ меценаты Нұрлан Смағұловтың жеке жинағындағы қазақстандық «алпысыншы жылғылар» мен қазіргі суретшілердің өнері паш етілген жиырма бес өнер туындысымен толығады.