Қазақстан баспасөз клубында өткізілген баспасөз мәслихатында «Казахстан Лоттери Сервис» ЖШС төрағасының орынбасары Есенгелді Медеуов, қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті директоры Садық Егізов, сонымен қатар «Супер Лото» лотереясының 1-ші санаты 32-ші тиражы бойынша жеңімпазы балаларымен қатысты.
Шілденің 10-ында, сенбі күні КТК телеарнасында «Супер Лото» лотереясының 32-ші тиражын ойнату кезінде 155 миллион 791 мың 260 теңгенің көптен күткен джек-поты құралды, долларға шаққанда ол қаржы 1 053 355 доллар болып отыр.
Бірінші санатта құралған ойнатылған джек-поттың 155 791 250 теңге құраған сомасы журналистерге көрсетілді. Баспасөз мәслихаты аяқталғаннан кейін барлық ақша жеңімпаздың атына арнайы ашылған банктегі есеп-шотқа аударылды.
Ақшалай сыйлықтарға аталмыш билетті сатқан сату нүктесі де ие болды. Ол нүкте Алматы қаласының Майлин көшесі, 10 үйдегі «Ақсұңқар» дүкенінде орын тепкен. Нүктенің иесіне 100 мың, ал билетті сатқан сатушыға 50 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.