Осы басылымға берген сұхбатында Д.Айткен ҚР Президенті туралы кітапта барлығы жағымды түспен жазылмағанын және Н.Назарбаевпен әңгімеде аса жағымды емес сұрақтар да қойылғанын атап өтті.
«Онда батыстық түсініктегі толыққанды демократия жоқ. Алайда оны құру қандай төменгі деңгейден басталғанын ескеру қажет. Тарихи өлшеммен алғанда, бұрын мұнда демократия мүлдем болған жоқ, ал қазір ол бар», — деді жазушы Н.Назарбаевтың Қазақстанда демократиялық қоғам құруға сіңірген еңбегі туралы айта келіп.