Түрмедегі медициналық бөлімшелер Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына берілуі тиіс - Әділет министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрмедегі медициналық бөлімшелер Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына берілуі тиіс - Әділет министрлігі

Түрмедегі медициналық бөлімшелер Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына берілуі тиіс - Әділет министрлігі

Әділет министрлігі Үкіметке Қылмыстық-аттқару жүйесі комитетінің медициналық қызметін Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына беру туралы ұсыныс тастады. Бұл туралы бүгін Әділет министрлігінде өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 22 Шiлде 2010
  • 468
Фото - Caravan.kz

Бүгінгі уақытта елдегі Әділет министрлігіне қарасты түзету мекемелеріндегі медициналық бөлімшелердің қызметі ведомствоның өз күшімен ұйымдастырылып келуде. Оның айтуынша, ондағы сотталғандарды медициналық қызметпен қамтамасыз ету жайы кемшін тартып отыр. Соның есебінен түрме қабырғасында жазаларын өтеп жүрген сотталғандардың өлім-жітімі көбейген. Министрліктің 2010 жылғы жұмысын пысықтау барысында да бұл мәселе кеңінен көтерілді.

«Сотталғандардың денсаулықтарын әлдеқайда жіті, кәсіби түрде қамтамасыз ету үшін, Әділет министрі Рашид Түсіпбеков Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің медициналық қызметін Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына беру мәселесін қарау жөнінде ұсыныс тастады», дейді Е. Ерімбет.

«Қазір бұл ұсынысты Үкімет қарап жатыр. Әзірше бізге Денсаулық сақтау министрлігінен қандай да бір жауап келіп түскен жоқ. Министр Р. Түсіпбековтің тапсырмасы бойынша бұл мәселе жылдың соңына дейін пысықталуы тиіс», деді ресми өкіл.