БҚО-да жаңа елді мекендерді су басып жатыр, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да жаңа елді мекендерді су басып жатыр, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде

БҚО-да жаңа елді мекендерді су басып жатыр, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде

Батыс Қазақстан облысында жаңа елді мекендерді су басып жатыр, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде.

  • 12 Сәуiр 2011
  • 528
Фото - Caravan.kz

Ал облыс орталығындағы «Қазыналы» тоғаны суға лық толы, жағдай аса қауіпті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 9 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау, Тасқалы, Зеленов және Теректі аудандары мен Орал қаласындағы тұрғын үйлер еріген қар суынан зардап шеге бастады.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, сәуірдің 11-і күнгі сағат 23.00-дегі жағдай бойынша, Дерқұл, Чижа-1 және Быковка өзендерінде су қауіпті деңгейге жетті. Жайық пен Шаған өзендерінің көтерілуі жалғасуда. Ал облыс орталығындағы «Қазыналы» тоғаны апаттың аз-ақ алдында тұр. Маштаково кентіне су келе бастады.

Онымен бірге, Зеленов ауданының Зеленое кентінде және Бакаушино ауылында Дерқұл өзенінің арнасынан тасу қаупі туындағандықтан, тұрғындар аймақтан көшіріле бастады. Осы уақытқа дейін екі елді мекенде 100-ден астам үй су астында қалды. Хамино кентінде де Быковка өзені қауіпті деңгейге жетті, 30 тұрғын-жайды су басып қалды. Ал Раздольное ауылында 10 үй жарамсыз болып қалды.

Дерқұл өзені Тасқалы ауданы Тасқалы кентінде де құбылып тұр, 80 үй су астында қалды. Өзеннің төменгі ағысында жару жұмыстары жалғастырылуда. Адамдар қауіпсіз аумаққа көшірілуде. Атамекен кентінде болса Чижа-1 өзені 65 үйді шайып кетті. Атамекен мен Алмақшы кенттерінің тұрғындары үй жануарларынан айырылуда.

Теректі ауданында Ұзынкөл кентіндегі су қоймасына тасқынды сулардың келу қарқыны жоғары болғандықтан, суды бұрма арналар арқылы ағызу жұмыстары жүргізілуде. Ал арнаны судың бұзып кетпеуі үшін алдын алу шаралары жасалды. Ол жұмыстарға Зеленов ауданындағыламен бірге, судан-құтқару қызметінің, шұғыл-құтқару жасағының, «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары» ММ арнайыландырылған жасағының, БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің, «Оралсу арнасы», МҚК-ның, «Қазтрансойл» АҚ мен «Қазстройсервис» АҚ-ның барлық құрамы жұмылдырылды. Қазір мұнда 90 техника мен 250 адам тәулік бойы жұмыс істеуде.

ТЖМ-нан анықтағандай, өңірден барлығы 800-ге жуық адам көшірілді, абырой болғанда адам шығыны болған жоқ.

Сондай-ақ ведомстводан хабарлағандай, аталмыш елді мекендердің бірқатарында ішкі және сыртқы автомобиль жолдарын су шайып кетті. Олардың денінде қозғалыс тоқтатылды.