Адамға дерт дарымайтын заман алыс емес - Ғалымдар

Бұл туралы Tengrinews.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Ғалымдар мұндай пайымға ішек таяқшасы бактерияларының жасушасына жүргізген тәжірибе сүйеу болып отырғанын айтады. Мамандардың сөзінше, бактерияның геномына 321 өзгеріс жасалғаннан кейін жасуша вирусқа төзімділік танытқан. 

Алайда генетиктер адам геномына мұндай бағдарлама енгізу үшін ұзақ уақыт қажет екенін айтады. "Адам геніндегі әрбір ақуызды қайта бағдарламалау шамамен 400 мың өзгерісті қажет етеді", - дейді Гарвард медицина мектебінің профессоры Джорд Черч. Сонымен бірге, ол адамның 20 мың геномынан артық кодондарды (генетикалық код бірліктері - автор.) алып тастау керектігін айтады. 

Дегенмен ғалымдар алдағы он жылда оң нәтижеге қолжеткізуге болатынын хабарлап отыр. Оның үстіне адам геномын радиация, қартаю, мен үсікке бой алдырмайтындай, сонымен бірге қатерлі ісік қаупін төмендететіндей бағдарламалауға болатынын айтты. 

Оқи отырыңыз:

Әкесінен айырылған Жұбаныш Жексенұлы Астанадағы концертін кейінге қалдырды

Елімізде жеңгелер қызметін енді имам-молдалар өз қолдарына алмақшы

Батыс Қазақстан елорда мерейтойына 500 млн теңгенің сыйлығын тарту етпекші