Жарияланды: 140

Әкесінен айырылған Жұбаныш Жексенұлы Астанадағы концертін кейінге қалдырды

 Әкесінен айырылған Жұбаныш Жексенұлы Астанадағы концертін кейінге қалдырды

Жұбаныш Жексенұлы әкесінен айырылып, Астанадағы концертін кейінге қалдырды. 

Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев желідегі парақшасында жазды.

“Қымбатты қазақ өнерін қадір тұтқан, халайық! Алланың бұйрығымен, жезтаңдай әнші Жұбаныш Жексенұлының дүниеге келуіне себепкер болған асқар тау әкесі фәни дүниеден озды. Алла тағала мейіріміне бөлеп, панасына алғай”, – дейді Майғазиев.

Айта кетейік, Жұбаныш Жексенұлы 5 мамыр күні Астанада концерт беруі тиіс болған. Әнші ән кешін кейінге қалдырып, алдыңғы концерт билеттерінің жарамды екенін хабарлады. Алайда кейінге шегерілген концерттің қай күні өтетіні белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Елімізде жеңгелер қызметін енді имам-молдалар өз қолдарына алмақшы

Батыс Қазақстан елорда мерейтойына 500 млн теңгенің сыйлығын тарту етпекші

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін