Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Ол өзінің инстаграм парақшасында:
"Бисмиллә деп "Aidyn Nury қайырымдылық қоры" ашылды...Енді осы қор бойынша көп түкірсе көл демекші ай сайын бір отбасына баспана алып беріп отырсақ жақсы ғой... Қайырымдылық-адам жанының нұры...
⠀
Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:"Адам қайтыс болғанда амал дәптерлері жабылады. Тек мына үш нәрсемен сауабы жалғасады: сауабы үздіксіз келетін садақа, адамдардың игілігіне жараған ілім және артынан дұға жолдайтын салиқалы перзент." (Бухари)
⠀
Суретте көрсетілген отбасыға қараңыздаршы... Артем сауда базарының қасында жер үйлердің бір бөлмесінде тұрып жатыр екен... 6 баласы бар! 6 бірдей бала ата-анасымен 8 адам, 12 квадраттық бір бөлмеде тұрып жатыр... Жолдасы ауырады, денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз, жағдайлары өте төмен отбасы...
⠀
Осы отбасыны баспаналы қылуға 100 теңгеден салсаңыздар да біз үшін үлкен көмек!!! Жұмыла көтерген жүк жеңіл...Осы отбасыға баспана сыйлап балалардың жылы жүзін көру біздің мақсатымыз... Алла разы болсын" - деп жазды.
Естеріңізге сала кетейік, Айнұр Тұрсынбаева бұған дейін өзінің ұтыс ойынында 120 миллионды құрайтын үлкен пентхаусын бас жүлдеген қойған болатын. Және оны Шымкенттік 5 баланың анасы Бибінұр есімді оқырман жеңіп алды.