Небәрі 7 мың теңгеге кітабымды алсаңыз, 100 миллион теңгелік пентхаус үйімді ұтып аласыз - Айнұр Тұрсынбаева лотерея ойнатуда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Небәрі 7 мың теңгеге кітабымды алсаңыз, 100 миллион теңгелік пентхаус үйімді ұтып аласыз - Айнұр Тұрсынбаева лотерея ойнатуда

Небәрі 7 мың теңгеге кітабымды алсаңыз, 100 миллион теңгелік пентхаус үйімді ұтып аласыз - Айнұр Тұрсынбаева лотерея ойнатуда

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева лотерея ойнатып жатыр. 

  • 26 Тамыз 2019
  • 1845
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Достар! Небәрі 7 мың теңгеге Нұрсұлтаннан пентхаус ұтып алғыңыз келе ме? Небәрі 7 мың теңгеге Мекке-Мединаға ұмра қажылығын ұтып алғыңыз келе ме?! Небәрі 7 мың теңгеге Стамбулды аралап келгіңіз келе ме? Ендеше бастаймыз.! Сіздер күткен жаңалық! "Айнұрдың мотивациялары" кітабымды 7 мың теңгеге алып менін НҰР-СҰЛТАН қаласындағы Есіл өзенінің жағасындағы 320 квадраттық (6 бөлмелі) пентхаусымды ұтып ала аласыз.
Бибігул Төлегенова апамыз бастаған бүкіл марқасқалар, ақындар, батырлар, әншілер қонақ болған құтты шаңырақ! (Кітаптың ескі варианты жарамайды! Видеоны жылжытсаңыз көре аласыз! Яғни кітаптың аты жасыл фонда жазылған жаңа версиясының бірінші бетінде ұтыс номері жазылған..! Сол номерлер ұтысқа түседі
Ұтыс шамамен қазан айында өтеді. Ұтыс ойнатылар кезде арнайы мешіттің өкілі, заңгер, нотариус әділ өтуін бақылайтын болады..Кітап сатып алғандардың бәрі лотереяға қатысатын болады! Қай ауылда тұрса да! Тікелей эфир арқылы бірге қарайтын боласыздар..!
1) Басты жүлде-ПЕНТХАУС
Бағасы 100.000.000 теңге! 
2)Ұмра қажылығына 10 адамға жолдама!!!
3) Стамбұлға жолдама! 4 адамға!
4)Менің атаулы домбырам 50 адамға;
5) 100 мың теңгеден 5 адамға;
6) 50 мың теңгеден 5 адамға;
7) 20 мың теңгеден 50 адамға;
8) 10 мың теңгеден 100 адамға;
9) 5 мың теңгеден 200 адамға!!!", деп жазды парақшасында. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury) on

 

Соңғы жаңалықтар